Жаңартуларды алудың офлайн-моделін қосу және өшіру

Жаңартуларды алудың офлайн-моделін өшіру ұсынылмайды. Өшіру салдарынан құрылғыларға жаңартуларды жеткізу кезінде ақау туындауы мүмкін. Кейбір жағдайларда, "Лаборатория Касперского" техникалық қолдау қызметінің мамандары сізге Басқару серверінен жаңартулар мен антивирустық дерекқорларды алдын ала жүктеп алу жалаушасын алып тастауды ұсынуы мүмкін. Олай болса, "Лаборатория Касперского" бағдарламалары үшін қоймаларға жаңартуларды жүктеу тапсырмасы конфигурацияланғанына көз жеткізуіңіз керек.

Басқару тобына арналған жаңартуларды алудың офлайн-моделін қосу немесе өшіру үшін:

  1. Консоль ағашында, жаңартуларды алудың офлайн-моделі қосылуы қажет басқару тобын таңдаңыз.
  2. Топтың жұмыс аймағында Саясаттар қойыншасын ашыңыз.
  3. Саясаттар қойыншасында Желілік агенттің саясатын таңдаңыз.
  4. Саясаттың мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Желілік агент саясатының сипаттары терезесі ашылады.

  5. Саясат сипаттары терезесінде Патчтарды және жаңартуларды басқару бөлімін таңдаңыз.
  6. Жаңартуларды алудың офлайн-моделін қосу немесе өшіру үшін Басқару серверінен жаңартулар мен антивирустық дерекқорды алдын ала жүктеп алыңыз (ұсынылған) жалаушасын сәйкесінше орнатыңыз немесе алып тастаңыз.

    Әдепкі бойынша, жаңартуларды алудың офлайн-моделі қосулы.

Соның нәтижесінде, жаңартуларды алудың офлайн-моделі қосулы немесе өшірулі болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Жаңартуларды алудың офлайн-моделі

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу